Шие иісті мүшеқап сатып алатындарын жариялаған атыраулық дәрігерлердің әрекеті жұртты елең еткізді. Қала маңындағы Геолог ауылының емханасы мемлекеттік сатып алу-сату сайтында осындай хабарлама ораналастырған деп мәлімдеді КТК телеарнасы.
Онда емхана басшылығы өздеріне латекстен жасалған 1000 дана мүшеқаптың әрқайсысын 40 теңгеден аламыз деп көрсеткен. Бірақ, неге екені белгісіз, оның шие иісімен болуы керектігі атап көрсетілген. Ал, дәрігерлер мұнда тұрған ештеңе жоқ дейді. Өйткені, осы уақытқа дейін алып келген мүшеқаптары арзан болғандықтан, «жұмыс үстінде» жыртылып кетіп, талай рет ыңғайсыз жағдайға тап болған. Нақтырақ айтсақ, тарнсвагиналды ультрадыбысты зерттеулерер кезінде қолданылады. Ал, табиғи латекстен жасалып, әрі жеміс-жидектің иісін беретін мүшеқаптар сапалы болғандықтан таңдау осыған түсіпті.
Диляра Мұхтарова, дәрігер-гинеколог:
- 2017 жылы біз жай ғана перезерватив деп тапсырыс бергенде сапасы ең төменін әкелді. Бір адамның жатыр іші қуысын зерттеген кезде ол презерватив жыртылыпғ салдарынан біз 2-3 презервативтен пайдаланған болатынбыз. Міндетті түрде шие иісті емес, басқалары да болады. Бізге бәрібір. Жай мүшеқап болып қалмасын деп солай көрсеттік.