Оралда ҰБТ орталығында жүрек талмасы ұстап қайтыс болған мұғалімнің туыстары жедел жәрдем фельдшерін соққыға жықты деп жазады «Уральская газета».
«Көмек көрсетуге барған жедел жәрдем қызметкерін мұғалімнің туыстары соққыға жықты. Салдарынан фельдшер сол жақ кеудесінен жарақат алды», – деп мәлімдейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының пікірінше, жедел жәрдем бригадасының әрекеті белгіленген құқықтық-нормативтік актілерге сай.
Еске салайық, күні кеше Орал қаласында №32 мектептің 11-сынып жетекшісі оқушыларының көз алдында жүрегі ұстап қайтыс болды. Түскі ас уақыты болғандықтан, ЖОО-ның медициналық қызметкері өз орнынан табылмаған.