07.03.2018, 04:16

«Ананың орнын басқан Назарбаев»: балабақшадағы сәби жұртты күлкіге қарық қылды (ВИДЕО)

Еліміздегі балабақшалардың бірінде түсірілген видеороликті «Спарта-Астана» КВН командасының капитаны Данияр Жұмаділов өзінің Instagram-парақшасына жариялады. Алдын ала болжам бойынша, онда балалар 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесін атап өткен.

Тәрбиешінің «жүректеріңе ең жақын жан, асыл адам кім?» деген сауалына балалардың бірі еш ойланбастан «Нұрсұлтан Назарбаев» деп жауап берді. Мұны естіген ата-аналардың бәрі қыран-топан күлкіге қарық болды.

Видеоның қай қалада түсірілгені белгісіз. Десе де ол әлеуметтік желі қолданушыларының көңілін көтеріп тастады.