$ 448.89  477.93  4.76

Тұрмысқа қалай тез шығуға болады?

Ғалымдар шегіргүл (фиалка) әйелдерге күйеуге шығуға "көмектесетінін" дәлелдеп шықты.

Украиналық сарапшылар әйелдер арасында сауалнама жүргізіп, үйінде шегіргүл өсіретін қыз-келіншектердің басым көпшілігі тұрмыс құрғанын анықтады.  

"Осы гүлдің арқасында әйелдердің ағзасында окситоцин  бөлінеді. Бұл гормон нәзік жандарға ұқыпты, биязы әрі адал болуға "көмектеседі", бар мәселе осында, өйткені ер азаматтар болашақ жарының бойынан осы қасиеттерді көргісі келеді", — деп қорытынды жасады зерттеушілер. 

Ғалымдар шегіргүлге ерекше күтім қажет екенін атап өтті. Оған су құю режимін сақтап, бөлмедегі ылғалдылық пен температураны (кем дегенде 22 градус жылы) қадағалап отыру керек. Психологтар мұндай гүлдерге ерінбей күтім жасай алатын әйелдер міндетті түрде ер азаматтардың жүрегіне жол табады деп есептейді.   

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары