$ 498.34  519.72  4.85

«Біз күніге мейрамханадан тамақтанамыз»: Баян жаңа күйеуімен мақтанды

Осыдан бірер жыл бұрын күйеуінен өлімші болып таяқ жеп, ажырасып тынған танымал продюсер қазір екінші күйеуімен тұрып жатқаны белгілі. The Эфир жобасында қонақта болған Алагөзова Турсеннің қандай еркек екенін айтып көпшілікке мақтанды.

«Заңды некелескенімізге үш айдан асса да сыйлық алу кезеңі әлі аяқталған жоқ. Өйткені, мен жайдары еркекпен бірге тұрып жатырмын. Ол мерекелі адам, жұмысына, жеке шаруаларына қарамастан әрдайым маған мереке сыйлайды. Оның үйге күлкісіз кіргенін көрген емеспін немесе мен үйге келгенде мені үнемі күлімсіреп қарсы алады. Таңертең тұрғанда "қайырлы таң" деп, жатарда "қайырлы түнін" айтуды есінен шығарған емес. Біз күніге мейрамханадан тамақтанамыз. Не түскі асты, не кешкі асты мейрамханадан әпереді. Күніге біргеміз және уақытымыздың көп бөлігі үйде өтпейді. Қыдырамыз», - дейді Баян Алагөзова өзінің жаңа күйеуі жайында.

Еске салайық, 2016 жылы Баянның алғашқы күйеуі Бақытбек Есентаев оны өлімші етіп ұрып, бірнеше рет пышақтап тастаған болатын. Сол жылдың соңында Бақытбекті сот 9 жылға бас бостандығынан айырды. Артынша бұл жанжалдың қызғаныштан туындағаны да белгілі болды. Яғни, Баян некеде жүріп күйеуінің көзіне шөп салған. Мұны кейін отандық журналистердің біріне берген сұхбатында танымал продюсердің өзі де мойындаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары