Қызылордалық бойжеткен көңіл жарастырып жүрген жігітінің зорлағанын айтып, көптен көмек сұрады. Ақыл-кеңес берер адамым жоқ деген ол instаgram-парақшаларының біріне бастан өткен жағдайын жазды.
«Өтініш, көмектесіңіздерші. Мен Қызылорда қаласынанмын. Мені осыдан бір апта бұрын жігітім зорлаған болатын. Қатты ауырмады. Қан ақпады да. Сенбей қалды. Мен неге олай болды екен деп жүрмін. Қазір мені іздемейді. Жазбайды да. Неге олай болды екен деймін. Мұны анам естісе, қатты ауырып қалады. Бір аптадан бері енді есімді жидым.Көмектесіңіздерші. Одан айырылмауым керек қой. Енді артынан жүгірмейтін шығармын. Қатты қиын маған. Неге олай болды екен? Неге деген сұрақ кетпейді басымнан», – деп бойжеткен көптен көмек сұрады.
Ал көпшілік болса, қызға гинекологқа бару керегін айтты. Енді бірі – жігітті шақырып, ашық сөйлескен дұрыс деп пікір жазды.