$ 498.34  519.72  4.85

Көкшетауда гараждан жігіт пен қыздың мәйіттері табылды

Көкшетауда гараждардың бірінен көлік ішінде жатып уланып қайтыс болған жігіт пен қыздың мәйіті табылды. Бұл ақпаратты ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті растап отыр.

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, 9 наурызда Көкшетауда сағат таңғы 08:15 шамасында темір гараждардың бірінде тұрған ВАЗ автокөлігінің салонынан 32 жастағы ер азамат пен 24 жастағы қыздың мәйіттері табылған. Алдын ала болжам бойынша, екеуі де көліктен бөлінген газдан уланып қайтыс болған.

Мамандардың пікірінше, гараждың есігін жауып, көлікті оталдырып қойғандықтан улы газ сыртқа шықпай, көліктің ішіндегілерді улаған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары