Қоғам 11.03.2018 сағат 10:19

Жыныстық акті кезінде түрік жігітті ойлайтын әйел гей туады – имам

Жұма намаз кезінде Ташкенттегі «Мирза Юсуф» мешітінің бас имамы Рахматулло Сайфуддинов түрік сериалдары өзбектердің генофондын бүлдіріп жатыр деп мәлімдеді.

Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Кезекті уағызында имам Сайфуддинов «Жыныстық акті кезінде күйеуін емес, түрік сериалдарындағы әдемі актерлерді ойлайтын әйелдерден геи-балалар туады» деп мәлімдеді. ​

Бұл мәлімдеме жергілікті БАҚ-та түрік сериалдарына қарсы науқан жүріп жатқан кезінде айтылды. Өткен айда ZO’RTV телеарнасы «Қара махаббат» (Kara Sevda) деп аталатын түрік сериалын көрсетуді доғаруға мәжбүр болған.

Өзбекстанның баспасөз және ақпарат агенттігі жанындағы БАҚ-қа мониторинг жүргізу орталығы аталған сериал ұлт менталитетіне және дәстүріне, отбасылық құндылықтарға қайшы келеді деп шешім қабылдаған.

«Домбиробод» мешітінің бас имамы Шермурад Тогай да әріптесі Рахматулло Сайфуддиновтің пікіріне қосылатынын жеткізген.

«Исламда жыныстық акті кезінде ерлі-зайыпты шайтанауи ойларды ойламағаны дұрыс деген хадис бар», – дейді Шермурад Тогай.

Дереккөз: Stan.kz

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар