$ 446.49  475.38  4.79

«ОҚО-ның сиырлары да ақылды»: олар жолды тек рұқсат етілген бөлігінен кесіп өтеді (ВИДЕО)

Оңтүстік Қазақстан облысында жолды жаяу жүргіншілерге арналған бөлігі арқылы кесіп өткен сиырлар жұртты күлкіге қарық қылды. Аталған видеоролик Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған.

Видео авторы бұл жайттың Түркістанда болғанын жазыпты. Онда екі сиыр бірінің артынан бірі жолды "зебрадан" кесіп өткен. Әдетте көліктерге жол бермей, асфальттің қақ ортасымен жүретін төрт түліктің дәл осылай жол ережесіне бағынуы расымен де бір күліп алуға тұрарлық жағдай.

Түркістан - көлемі жағынан Оңтүстік Қазақстан облысындағы екінші қала. Шымкент тұрғындарының саны 1 миллионға жетіп, қала мегаполиске айналғанда, Түркістан облыс орталығы статусына ие болады деген жоспар бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары