Спорт журналисі әрі блогер Олжас Оқас тағы да Алматыдағы автобазарға барып, көліктердің бағасына шолу жасады. Бұл жолы ол 2-3 миллион теңгеден аспайтын Toyota Сamry көліктерін көрсетіп шықты.
«Бұл Camry деген өз заманының патшасы ғой. Мынау 1990 жылғы. Қозғалтқышы – 2,2 литр. Бағасы – 2 млн 400 мың теңге. Мына көлік 2000 жылғы екен. 2 млн 700 мың теңге сұрап отыр. Қозғалтқыш көлемі – 3 литр. Мына көлік Camry 30. 2003 жылғы. Автомот. Қозғалтқыш көлемі – 2,4. Бағасы – 2 млн 700 теңге», – деп блогер бірнеше көлікті көрсетіп шықты.
Айта кетейік, Toyota Сamry автокөліктері қазақстандықтар арасында аса жоғары сұранысқа ие болғандықтан, «халықтық марка» деген мәртебеге ие болған.