13.03.2018, 09:29

Заңсыз балабақша ашқан әйел сәбилерге ұйықтатын дәрі беріп, өзі қаңғырып кететін болған

Балабақша иесі солярийге және жаттықтықтыру залына бару үшін балаларға  мелатонин берген.  Үйінде заңсыз балабақша ашқан Джануэй Нисерлиннің қарамағында жеті бала болған.

32 жастағы әйелдің бұрынғы сүйіктісі оның  балаларға қарамай, үнемі басқа іспен айналысып жүретінін полияцияға хабарлаған. Бұл туралы Mirror басылымы жариялады.

Орегон штатының полициясы бұрынғы жігіттің нұсқауларын алғаннан кейін Джануэйді бақылауға алған. Содан әйелдің  алты айдан төрт жасқа дейінгі балаларды қараусыз қалдырып, үнемі  үйден кетіп қалатыны белгілі болды. Сөйтсе осы уақытта ол солярийге және жаттығу залына барады екен. Кейін полиция қызметкерлері күтуші әйелдің үйіне басып кіргенде, бет-аузы құсықтан көрінбей ұйықтап жатқан баланы көрген. Олар қараусыз қалған сәбилердің қандай жағдайда болғанын көріп, шошыған.

Нәтижесінде сот Джануэйді қылмыстық кодексте көрсетілген 11-бап бойынша балаларға үшінші дәрежелі шабуыл жасағаны үшін кінәлі деп, 21 жылға бас бостандығынан айырды. Әйел 11 айлық баланы соншалықты қатты жұлқылағаннан кейін, сәбидің басынан қан кетіп және ісініп ауруханаға жатқызылды. Сот үкімі жарияланғанда күтуші әйелден жәбір көрген балалардың ата-аналары, яғни 30 адам болған.

Дереккөз: Stan.kz