$ 498.34  519.72  4.85

«Әсет Исекешев тамақтанады...» Астанада алаяқтар мейрамханаларды 2 млн теңгеге шығындаған

Астанада алаяқтық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп жазады «ҚазАқпарат» елордалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана мен Алматыда орналасқан мейрамхана әкімшілеріне қатысты жасалған бірқатар алаяқтық ісі ашылды. Алаяқтық әрекеттерімен жалпы сомасы екі миллион теңге залал  келтірген ер адам ұсталды, деп түсіндірді ІІД-де. Қазіргі таңда 15 іске қатысы бар күдікті тергеліп жатыр.

Полицейлер анықтағандай, алаяқ телефон арқылы мейрамхана басшыларына өздерін қала әкімдігінің немесе ұлттық компаниялардың өкілі ретінде таныстырып, банкет жасауға ниетті екендіктерін білдіреді және қонақтар арасында танымал адамдардың болатынын хабарлайды. «Тапсырыс беруші» банкеттің төленетінін ескертіп, дастарханға менюде жоқ қымбат ішімдіктер қоюларын сұрайды.

Алаяқ мейрамхана өкіліне ондай элиталы ішімдіктерді қандай дүкендерден алуға болатынын айтады. Алайда, алаяқ бірнеше уақыттан кейін мейрамханаға қайта хабарласып, сол дүкенде жүргенін айтып, Qiwi-әмиянға ақша салып жіберсе қажетті ішімдікті өздері ала салатынын мәлімдейді. Рестораторларды банкет аяқталғаннан кейін есептесуге көндіреді.

Зардап шегушілер банкеттік тапсырыстан бас тартпау үшін, қымбат ішімдіктерді алуға ақша аударған. Кейін «банкетке тапсырыс берушілер» телефондарын өшіріп, ізім-ғайып жоқ болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары