$ 494.87  520.65  4.91

«Олардың күші тек қыздарға жетеді»: Байзақоваға қарсы флешмоб өткізгіш ұятмендер бала зорлығына келгенде үнсіз қалды

Танымал астаналық блогер, қоғам белсендісі Аида Жексен былтыр Айжан Байзақоваға қарсы жаппай қарсылық танытқан жігіттерді сынға алды. Оның айтуынша, бұл ер азаматтардың қоғамда болып жатқан нақты проблемаларға көз жұма қарауы, әсіресе кешегі ОҚО-дағы "зорланған" бала ісіне қатысты жақ ашпауы - олардың тек қыздарға ғана күші жететінін көрсетіп отыр.

Еске салайық, Былтыр Алматыдағы «Zakova» түнгі клубында атышулы блогер Айжан Байзақова көңіл көтеруге келген екі қызға 50 мың теңгеден беріп, екеуін тырдай жалаңаш шешіндірген болатын. Бұл сәт түсірілген видео әлеуметтік желілерге тараған соң қоғамда қызу пікірталас туып, әр қалада ер азаматтар Байзақоваға қарсы "флешмоб" өткізіп жатты. Тіпті, Алматыда діндар-блогер Талғат Рысқұлбеков өз жақтастарын ертіп, «Zakova» түнгі клубын қиратамыз деп ғимарат алдына жиналған да болатын. Артынша аталған клуб ақыры жабылып тынды. Ал, Байзақованың өзі болса 3 тәулікке қамалды.

Ал, ОҚО Сарыағаш ауданында 7 жасар баланың зорланған болуы мүмкін деген ақпараттың шыққанына 3 тәуліктен асса да аталған жігіттер тып-тыныш жатыр. Осыған ашуланған Аида Жексен өзінің Facebook-парақшасында оларды сөгіп тастады.

«Осылар кеншілер наразылық білдіргенде, балаларды зорлағанда, әйелдерді өлтіргенде, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын көтеру туралы сөз қозғалғанда үндемейді! Бірақ бұлар қыздар қысқа киіп, түнгі клубта жартылай жалаңаштанғанда өре түрегеліп, шулап кетеді. Өйткені қыздармен күресу бұлар үшін оңай әрі қауіпсіз!», – деп жазды танымал блогер өз парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары