Ақтаулық көлік жүргізушілері Ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мерекесіне орай қазақстандықтарды ерекше құттықтады. Олардың флешмобы әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр.
Видео youtube порталындағы Lada.kz сайты каналында жарияланған. 50-ге жуық автокөлік «22 наурыз» деген жазумен қаз қатар тізбектелген.
«Қазақстан жамағаты! Сіздерді 22 наурыз – Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз», – дейді ақтаулық жүргізушілер.