$ 494.87  520.65  4.91

Пәктігінен айрылған қызға үйленсе бола ма?

Мешіт имамына ер азамат «Пәктігінен айрылған қызға үйленсе бола ма?» деген сауал қойды. Ұстаз абыройынан айрылған қызға үйленудің ешқандай әбестігі жоғын айтып, «десе де, барынша таза қыз алуға тырысу керек» деп жауап берді.

«Ассалаумағалейкум! Мені мазалап жүрген бір сұрақ бар еді. Шариғат бойынша қыз емес қызға үйленсе қалай болады және оның болашақ ұрпағына әсері болады ма? Алдын ала рахмет». 

«Уа алейкум ассалам! Шариғат бойынша пәктігінен айырылған қызға үйленудің еш әбестігі жоқ. Оның болашақ ұрпаққа тигізер зияны да жоқ. Алайда, қыз күйінде алынған әйел абзал және соған басымдылық беріледі.

Оны Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бұрын тұрмыста болған әйелді алған Жабирге (р.а.): «Саған ойнап күлетін жас қыз табылмады ма?» – деп қойған сұрағынан байқауға болады”, – дейді Әзірет Сұлтан мешітінің ұстазы Мақсатбек Қайырғалиев.  

Дереккөз: muslim.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары