Өзбекстанда притонға барғандарға айыппұл салып, мұнымен қоймай мәжбүрлі түрде медициналық тексеріс пен емдеу тағайындау жоспарланып отыр деп жазады "Газета.uz".
Елдің әкімшілік жауапкершілік туралы кодексіне секс-притонға баруға жауапкершілік арқалатуды қосу көзделген. Түзетулер жобасын Өзбекстанның Әділет министрлігі талқылауға шығарған.
Сондағысы, притонға барғандарға 1 минималдық еңбекақы көлемінде айыппұл салу ұсынылып отыр екен.
Қазіргі уақытта елде жезөкшелікпен айналысқандарға салынатын 1 МЕАК айыппұлды 3 МЕАК-ке дейін өсіру, ал бір жыл ішінде бұл іс қайталанса 3-тен 5 МЕАК-қа дейін өсіру қарастырылған.
Дереккөз: Tengrinews.kz