$ 498.34  519.72  4.85

«Тоқал алу ерлік»: Ринат Зайытов өнер адамдарының теріс әрекеттерін жазбауға шақырды

Танымал айтыскер-ақын Ринат Зайытов қазіргі уақытта «сәнге» айналған тоқал мәселесі туралы көзқарасын айтып берді. Оның айтуынша, тоқалды бірінші әйелімен ажыраспай алса, ол ерлік көрінеді. Бұл туралы ақын «Сөккен әңгіме» бағдарламасында айтты.

«Тоқалды бірінші әйелімен ажыраспай алса, ол ерлік деп ойлаймын. Жасырмай айту – ерлік. Иә, 70 жылдың кеңес үкіметі кезіндегі төңкеріс санамызға тоқалдықты қылмыс қылып көрсететін дәрежеге әкеп қойды. Ал әйел адамның ажырасуы – қасірет», – дейді айтыскер.

Сондай-ақ, Зайытов кез-келген өнер адамы өзінің теріс әрекетінен ұлтына зиян келмеуін ойлауы тиіс екенін айтты.

«Мұндай адамдарды насихаттауды доғару керек. Анау мен мынау үйленіпті деген сынды… Өйткені оған білдей бір буын, ұрпақ қарап отыр. Кез-келген өнер адамы өзінің істеген жаманшылығынан ұлтына зиян келмейтіндей әрекет жасауы керек», – дейді айтыскер Ринат Зайытов.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары