Қарапайым халық азық-түлікті базарлардан алғанды ыңғайлы санайды. Бірақ Instagram әлеуметтік желісінде жарияланған мына бейнероликте тұтынушысын таразыдан алдаған саудагердің ерсі қылығы әшкере болды.
Саудагердің әр қимылын бақылаған автор оның халықты қалай алдап жатқанын көрсеткен. Қапқа салынған картопты өлшеп жатып, бір аяғымен таразыны басып тұрған саудагердің «жеп жатқанын» тұтынушылардың ешқайсысы байқамайды. Шетте тұрып видеоға түсіріп тұрған автор болса «Адамдар қалай байқамайды?» деп таң қалып, енді базардан сауда жасағанда абай болуды ескертеді.
Бұл видеоны көрген әлеуметтік желі қолданушылары «таразыдан жеген» саудагердің іс-әрекетін алаяқтыққа балап, жазасын беру керек деп сөкті.