$ 442.05  474.14  4.74

Маржан Сұлтанбай instagram әлеміне оралды

Кезінде «Хабар» арнасынан шығатын «Шіркін, life» бағдарламасын жүргізген Маржан Сұлтанбай Instagram-парақшасында жаңа аккаунт ашты.

Тележүргізуші «Шіркін, life» бағдарламасына қатысушы жігітпен ерегесіп, шашын тықырлап алып тастаған. Осы шоудан кейін Маржан Сұлтанбай бірден танылып, көптің назарына іліге бастады. Алайда, кейін оның тұрмысқа шыққаны жайлы мәлімет тарады. Күйеуінің аты-жөні еш жерге жарияланбаса да, жұрт оның жарының ұлттық спорт насихаттаушысы екенін жиі айтып жүр.

Ал, әзірге Сұлтанбай желіге тек бір ғана суретін жүктеп, «Маржан Сұлтанбай қайда? – дегенге жауап. Маржан instagram әлеміне оралды. Қош көрдік», – деп жазба қалдырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары