$ 491.7  531.28  5.07

Кемеровода қаза тапқандар арасында Қазақстанның тумасы да бар

Ресейдің Кемерово қаласында болған алапат өрттен қаза тапқан 64 адамның қатарында Қазақстанның тумасы да бар деп жазады Tengrinews.kz.

РФ ІІМ Бас басқармасы Кемерово облысы бойынша шұғыл штаб басшысының орынбасары атап өткендей, қайтыс болғандар қатарында Баранова Мария Ивановна есімді әйел де болған. Ол Қазақстанның тумасы екен.

"Ұлы Баранов Дмитрий Николаевичтің айтуынша, Мария Баранова РФ азаматы, ол Кемерово қаласында тұрған және тіркеуде болған. Қайтыс болғандар мен жараланғандар қатарында Қазақстан азаматтары жоқ", - деді Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде.

Мария Баранова Қазақстанның Павлодар қаласында туып, сонда біраз уақыт өмір сүрген екен. Сауда үйінде болған өрттен оның өзі, қызы және үш немересі қаза тапқан.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары