$ 442.05  474.14  4.74

«Кино көріп отырсың ба?» Астаналық автобус жүргізушісі жол бойы смартфонына үңілумен болды (ВИДЕО)

Астаналық автобустардың бірін тізгіндеген жүргізуші жол бойы ұялы телефонына үңіліп, жолаушылардың зәре-құтын қашырды. Куәгерлердің бірі бұл сәтті өз смартфонына түсіріп алып, видеороликті Instagram әлеуметтік желісіне жүктеген.

Видео авторы оқиғаның Астанада болғанын айтады. Тіпті, жүргізушінің жейдесіндегі логотиптің астаналық Astra компаниясына тиесілі екенін де аңғару қиын емес.

«Автобуста "жүргізушіні алаңдатпаңыз" деген ескертуді көреміз, ал мына жағдай керісінше жүргізуші жолаушыны алаңдатты. "Жетіскен жүргізуші немесе заманауи автобус тізгіншісі" деп бағаладым бұл кісіні, қараңыз бір қолда тізгін, бір қолда телефон, құлақта тыңдағыш, көз біресе жолға біресе қолға қарайды», - деп жазылған әлеуметтік желідегі видеоның жазбасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары