Пәкістанда бірінші рет Марвия Мәлік есімді трансгендер-әйел тележүргізуші болды. Бұған дейін модель болып жұмыс жасаған оның негізгі мамандығы журналистика екен деп жазады news.liga.net.
Тележүргізушілікке келген ол жаңа жұмысы арқылы трансгендерлерге қолдау көрсеткісі келетінін жасырмады.
Марфия Мәлік 23 наурыз күні алғаш рет «Kohenoor» арнасында тікелей эфирді тізгіндеді. Өзін еркін ұстағанына қарағанда ол біраз уақыт жаттыққанға ұқсайды. Ал арна басшысы Джунаид Ансари Марвияны трансгендер емес, алғыр, талантты болғаны үшін жұмысқа алғанын айтады.
Пәкістанда трансгендерлерді қоғам әлі қабылдай алмай жүр. Тіпті оларды жұмыс берушілер де еңбектен шеттеді. Күнелту үшін олар амалдың жоғанынан көше кезіп, жезөкшелікпен айналысып жүр.