$ 448.56  478.03  4.79

Сәкен Майғазиев Кемеровода қайтыс болғандар жайлы жазып, жұртты жылатты (ВИДЕО)

Қазақстандықтар да көрші елде болған қайғылы оқиғаға қабырғасы қайысып, қайғыларына ортақтасып жатыр. Олардың ішінде өнер жұлдыздары да бар. Солардың бірі – Сәкен Майғазиев. Ол Кемеровода қайтыс болғандар жайлы пост жазып, жұрттың көзіне еріксіз жас үйіртті.

Әнші жазбасымен қатар, балалардың видеосын жүктеді.

«Алла тағала басқа бермесін. Тілсіз жаудандан жанын арашалай алмай, өртке оранған сәбилердің шарасыздығын елестетсем жүрегім сыздап қоя береді. Әлемдердің әміршісі Раббымыз марқұмдарды мейіріміне бөлеп, ата-аналары мен жақындарына сабыр бергей. Жаратушы иеміз зілзаладан, от, су апаттарынан сақтасын», – деп жазды әнші өзінің Instagram-парақшасындағы жазбасында.

Еске салайық, Кемерово қаласында 25 наурыз күні "Зимняя вишня" ойын-сауық сауда орталығы өртеніп, 64 адам қайтыс болған еді. Олардың 41-і кішкентай балалар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары