Алматы облысындағы жер үйлердің бірінен үш бірдей әйелдің мәйіттері табылды. Олар айуандықпен өлтірілген деп жазады «Казинформ» порталы.
Жантүршігерлік қылмыс Жамбыл ауданына қарасты Ұзынағаш ауылында 25 наурыз күні болған. Қайтыс болған әйелдердің бәрі бір отбасының мүшелері: 88 жастағы әжей, оның 51 жастағы өызы және 24 жастағы жиен немересі. Қылмыскер оларды бауыздап тастаған.
Көршілерінің айтуынша, 24 жастағы бойжеткен Алматы-2 станциясындағы теміржол кассасында жұмыс істеген. Алдын ала болжам бойынша, ол 22 жастағы жігітімен ұрысып қалған екен. Махаббатта жолы болмаған жігіт оның үйіне келіп, үшеуін де өлтіріп тастаған. Кейін қылмысты жасырғысы келді ме, өзіне де бірнеше пышақ жарақатын салып, дәрігерлердің көмегіне жүгініпті.
Қазіргі таңда бұл қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.