$ 494.87  520.65  4.91

Нұртас Адамбай әлеуметтік желіге ішкен-жегенін жүктеп отыратын «жұлдыздарға» ренішін айтты

Кемеровадағы «Зимняя вишня» сауда орталығында болған өрт ешкімді бейжай қалдырмағаны белгілі. Отандық актер, комик, әрі режиссер Нұртас Адамбай осы оиғаға қатты қайғыратынын жазып, осы күні парақшаларында тамақ пен өз бейнеклиптерінің жарнамасын бөліскен әріптестеріне ренішін білдірді.

«Кемеровада жүзге жуық адам жанып кетті. Оның көпішігі балалар. Бірақ мен парақшаларына тіркелген адамдар үшін бүгін өздерінің әндерімен, бейнебаяны, әзіл-қалжыңдарымен бөлісетін күн бе? Спортзалға барған суреттеріңізді, жеген тамақты салып, жарнама жасау маңызды ма? Басқаның қайғысы сіздер үшін түк тұрмағаны ма сонда? Иә, бұл біздің елімізде болмады. Бірақ олар да өзіміз секілді адамдар ғой. Ол жерде кинотеатр залында қамалып қалған балалар үлкендерден есік ашуға көмек сұраған, өздерінің өлетінін білген балалар соңғы минутта ата-анасына хабарласып, қоштасқан. Ал сендер болсаңдар, қайғылы күнде өздеріңнің құрғыр әндерің мен әзілдеріңді бөлісудесіңдер», - деп жазды актер.

Артынша, Нұртас Адамбайдың осы жазбасынан кейін-ақ қазақстандық өнер жұлдыздары instagram парақшаларына осы қайғылы оқиға туралы жаза бастаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары