$ 443.37  474.49  4.83

Қызылордадағы атыс: куәгерлер жедел жәрдем шақырудың орнына камераға түсіріп тұрған

Кеше Қызылорданың қақ ортасында атыстан 18 жастағы жігіт жарақаттанып ауруханада қайтыс болды. Дәрігерлер үш сағат ота жасағанымен Азамат БАЗЫЛДЫ аман алып қала алмады.

«Науқас ауруханаға түске кезде жағдайы өте ауыр болды. Дереу жансақтау бөліміне жеткізілді. Консилиум құрылып, ота жасалды. Ота кезінде жігіттің жүрегі екі рет тоқтап қалды. Зардап шегушінің ағзасынан оқ алынды. Өкінішке орай, өмірін аман алып қалу мүмкін болмады», — деп мәлімдеген еді Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі.

Қазір марқұм Азамат Базылдың отбасы қайғыдан қан жұтуда. Ай күннің амандығында жақынынан айырылған олар есеңгіреп қалған. Азаматтың анасына жедел жәрдем жиі шақырылуда.

«Азаматтың телефонынан хабарласты. Інімнің жарақат алғанын айтты. Дереу оқиға орнына жеттім. Барғанда Азамат көшенің ортасында жатыр екен. Есін біледі. Куәгерлер жедел жәрдемге хабарласудың орнына телефондарына түсіріп тұрған. Осы жағдай бізді қатты ренжітеді. Біреудің қайғысы біреуге қызық болды», — дейді Азаматтың ағасы Айбек БАЗЫЛ.

Қазір бұған қатысты ҚР ҚК-нің 259 бабы,3 бөлігі (бұзақылық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің барлығы қамауға алыныпты. Қала ортасында күндіз оқ атып төбелескендердің аты-жөні тергеу мүдесіне орай айтылмай отыр.

Дереккөз: Жас Алаш

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары