Түркияның Коджаели провинциясында ер азамат үйдің төбесіне тырдай жалаңаш шығып, шатырға отырып алды. Бұл туралы Ensonhaber.com порталы жазып отыр.
25-30 жас шамасындағы ер азамат біреуге қатты ренжіп қалса керек, өзін жұртқа осылайша аянышты хәлде көрсетіп, жеңілдеймін деп түсінген. Кадрда оны жерге түсіру үшін көршілері шайға шақырып, көңілін ауламақ болғаны естіледі. Ақыр соңында жігіт өзін шақырғандармен келісіп, үйіне шатыр жақтағы есік арқылы кіреді.
Үстіне киініп шыққан жігітті полицейлер дереу кісендеп, бөлімшеге алып кетті. Дәл қазір жігіт тергеушілер алдында жасаған әрекеті үшін жауапқа тартылап жатыр.