$ 443.37  474.49  4.83

9 жасында зорланған алматылық қыздың жантүршігерлік оқиғасы жұртты жылатты

«Үнсіз Қалма» қозғалысының негізін қалаушы Дина Смаилова 9 жасында зорланған Алматы облысы тұрғынының жантүршігерлік оқиғасын жариялады.

«Бүгін 9 жасында туысқаны зорлаған қыздың апасы келді. Оның айтып берген оқиғасы мені қатты таңқалдырды. Бұл өте қорқынышты жағдай. Оқиғада айтылған есімдерді атамай-ақ қойғаным дұрыс болар. Бұл шынайы ақпарат және оны бәрі білуі керек деп ойлаймын», – деп жазады Дина Смаилова.

Зардап шеккен қыздың апасының айтуынша, оның әке-шешесі екі рет айырылысып, екі рет қосылған.

"Мен олармен жиі көріспегендіктен, немеремді де сирек көретінмін", – дейді ол.

2014 жылы  немересі  апасын өзін алып кетуін сұраған. Өзінің жасынан кішкентай көрінетін қыздың денесінде көгерген іздеп, жаралар болды. Түн ішінде жылап, біреумен төбелесіп, шошып оянатын болды», – дейді қыздың апасы.

Атасы мен апасы немересінің денсаулығын қалпына келтіру мақсатында азық-түлік, пайдалы витаминдер беріп барынша  қамқор болуға тырысқан. Өкіншке қарай, жеткіншек қыз ешқашан сауда, ірі ойын-сауық орталықтарында болмаған, ешқашан өзіне киім таңдап көрмеген. Арада біраз уақыт өткене қыз қатты ауыра бастаған. Апасы оны гинеколог дәрігерге қаратқан. Сол кезде қыз жылап, өзінің басынан өткенін айтып берген. 9 жасында зорланғанын дәрігердің көзінше айтқан. Дәрігер өз кезегінде қызды тексеріп, оның айтқан сөзін растаған.

Апасы келінін шақырып, оған бәрін айтып бергенде  қыздың анасы еш таңқалмапты. Осы кезде қыздың  апасы зорлау фактісі бойынша полицияға және ата-ана құқығынан айыруға сотқа арыз берген.

Қыздың көптеген ауруға шалдыққаны анықталғандықтан, оның жатырын алдыру қаупі туындайды. Ресей мамандары қымбат әрі ұзақ уақыт жүргізілетін медикаментоздық ем қабылдауды ұсынған. Әзірге ешқандай ота жасалмаған.

«Зорланған қыз 10 жасынан бастап анасына қатты ауырып жүргенін жеткізген. Дәрігерлер УДЗ жасатып, гинеколог дәрегерге қаралу керек екенін айтқан. Алайда анасы олардың ұсыныстарынан бас тартқан екен. Соған қарағанда қызының баснынан өткен жағдай туралы дәрігерлер білсе, шу шығарады деп ойлаған болуы керек. Ал бала болса төрт жыл бойы осы ауырсынуға төзіп келген»,-дейді қозғалыс жетекшісі.

Қыздың айтуынша анасы оған дәрі егіп ұйықтатып тастайтын. Келесі күні «Түнде не болғаны есіңде бар ма?» деп сұрайды екен. Қыздың есіне қалғандары бойынша, анасы оны белгісіз пәтерлерге апаратын. Сол пәтерлерге ол  қызына ер адамдарға арақ құйғызған. Ал үйде анасының інісі мен әкесі, әпкесі мен оның күйеуі болып тұрған. Барлығы ащы суға құмар болса керек.

Қыздың айтуына қарағанда, оны 9 жасында анасының әкесі зорлаған. Ескі сарайға апарып, аяқ-қолын байлап тастаған екен. Сол оқиғадан кейін оны байланған күйі сарайда қалдырып кеткен. Үйіне әлсіреп, әрең жеткен қыз анасына денесіндегі қанның іздерін көрсетіп, бәрін айтып берген. Алайда оның анасы қызынан бұл оқиға жайлы ешкімге тыс жармауын сұраған. Тіпті қызды анасының інісі де зорлaмақ болған екен. Алайда анасының әпкесі келіп, арашаға түскен. Сондай-ақ нағашы атасы да, қыздың айтуына қарағанда онымен бірге ұйықтап, түртпектеп, тиісіп жүрген.

Полиция бұл істі үш рет жауыпты. Қызға алты рет сараптама жасаған, тергеуден өткен. Қыздың апасы немересіне қамқоршы болған.

Полиция қыздың жауабын жеткіліксіз деп есептеп отыр, ал психологиялық сараптама қыздың айтқандары оның қиялы емес деген тоқтамға келіп отыр. Тергеуші күдіктіге жасалатын психологиялық сараптаманы болдыртпай тастаған. Қазіргі уақытта іс Зағипа Балиеваның бақылауында. Біз хат пен құжаттарды оның атына жібердік. Олар тиісінше Бас прокуратураға жіберілген, енді егжей-тегжейлі тергеу жүргізіледі, – деді Дина Смаилова.

Дереккөз: Qamshy.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары