29.03.2018, 09:59

Қазақ жігіт әйелінің көзіне шөп салғанын видеокамераға түсіріп алған (ВИДЕО)

Қазақ жігіті әйелі мен көңілдесін төсекте жатқан жерінен ұстап алды. Ол дереу болып жатқан жайтты видеокамераға түсіріп, видеороликті әлеуметтік желілерге таратып жіберген. Бәлкім, көзіне шөп салған әйелін осылайша жұрт алдында масқаралап кек алғысы келген болуы керек.

Кадрдағы әңгімеге қарағанда, оқиға әйел көңілдесінің үйінде болған.

«Міне, менің қасымда Қарлыға жатыр, жалаңаш, жігітімен. Екеуін төсектен ұстап алдым, еркекше. Міне, киімін ашып көрсетейін, жалаңаш жатыр, менімен таласып жатыр», — дейді видео авторы.Әйелі болса оның қолынан смартфонды алып қойғысы келгенімен, шамасы жетпейді. Кейін оған көңілдесі көмекке келіп, біреудің үйінде видеокамераға түсіруге құқы жоқ екенін айтып түсіндірмек болады. Алайда, ашынған жігіт: «Мен сені түсіріп жатқан жоқпын, әйелімді түсіріп жатырмын» деп, түсірілімді әрі қарай жалғастырған.