$ 498.34  519.72  4.85

Астананы тағы су басты

Астана қаласының коммуналдық қызметтері бүгін, 11 шілде күні, толассыз жауған жаңбыр салдарынан күшейтілген режимде жұмыс атқаруда, деп хабарлады astana.gov.kz. 

«Астана Тазалық» ЖШС хабарлауынша, таңертең қала аумағынан 5 мың текшеметрден астам жаңбыр суы сорылды. Атап айтқанда, «Алматы» ауданы бойынша - 2 мың текшеметр, «Сарыарқа» ауданы бойынша - 2 мың текшеметр  және «Есіл» ауданы бойынша 1 мың текшеметрен астам су жиналып алынды.

Нөсер салдарынан елорданың коммуналдық қызметтеріне қала тұрғындарынан су соруға қатысты 100-ден астам өтініш келіп түскен. Аудандар бойынша тиісті жұмыстарға 290 жұмысшы мен 149 арнайы техника тартылды. Атап айтқанда, «Алматы» ауданында - 90 жұмысшы мен 43 мамандандырылған техника, «Сарыарқа» ауданында - 89 жұмысшы мен 48 техника, ал «Есіл» ауданында - 11 жұмысшы мен 58 мамандандырылған техника жұмылдырылды.

Синоптиктердің болжамынша, елордада алдағы күндері жаңбыр жауады деп күтілуде. Бүгін ауа температурасы күндіз +24+26°С болады. Жаңбыр жауып, солтүстік-шығыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары