$ 447.4  477.55  4.76

Анталиядағы қазақстандық туристерге әлі де көмек керек

Анталияда қазақстандық туристерге көмек көрсету үшін жедел штаб құрылды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Ведомстваның мәліметінше ақшасы бітіп, далада қалған туристердің барлығына уақытылы көмек көрсетілген. Сондай-ақ, тақырға отырған " Travel System" компаниясынан жолдама сатып алған туристер әлі де болса Қара теңіз жағасына аттанып жатыр. Осыған орай, елшілікте жедел желі іске қосылыпты.

«Біз барлық қажетті көмекті көрсетудеміз. Қазіргі уақытта біздің Елшілік пен Анталиядағы Қазақстанның консульдығы «жедел желі» ашты. Өздеріңізге белгілі туристік фирманың туристік қызметінен зардап шеккен біздің 46 азаматымыздан 65 қоңырау келіп түсті. Олардың барлығына да қажетті көмек көрсетілуде. Туристік фирмалармен, Түркия билігімен бірлесіп, барынша көмек көрсету және аталған жайттың салдарын барынша төмендету шаралары қолға алынуда», - деді ҚР СІМ ресми өкілі Алтай ӘБИБУЛЛАЕВ.

Естеріңізге сала кетсек, 3 маусым күні "TengriTravelsystem" турфирмасы өз сайтына жұмысын тоқтататыны туралы жазған болатын. Осының салдарынан 1500-ге жуық отандасымыз Түркияда тентіреп кетті. Артынша, Азаматтық авиация комитетінің ұйымдастыруымен 423 саяхатшы елге оралған болатын. Қазір Алматы-Анталия және Астана-Анталия рейстері тоқтаусыз жұмыс істеуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары