Еліміздің оңтүстіктігінен солтүстікке ауған көш кері қайтуда. Бірнеше отбасы жаңа жерге үйренісе алмай, туған өңірлеріне қайта көшіп жатыр. Шенеуніктер ішкі миграцияға жұмсалған қаржыны ешкімнен дауламаймыз деп отыр.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымованың айтуынша, кері қайтқандардың көбісі солтүстіктің суық климатына шыдай алмаған.
"Солтүстікке көшіп кеткен адамдардан 19-ы ғана оңтүстікке қайтып келді. Олардың себебі әртүрлі. Көбісіне климат жақпады, суық болды деп, денсаулыққа кедергі болды деп қайтып келгендер бар", - деді министр.
Сондықтан, биылдан бастап солтүстікке көшкен отбасыларды жұмыс беруші баспанамен қамтамасыз етеді. Енді мемлекет жанұяға емес, мекемеге 1 миллион 60 мың теңге бөледі. Осы қаржыға тұрғын үй тауып беруі тиіс. Өткен жылы оңтүстіктен солтүстікке 3 мың 800 жанұя қоныс аударған. Сондай-ақ, Үкімет оралмандар да тегіс азаматтық алу үшін қосымша уақыт беруге мәжбүр болып отыр. Өйткені, бір жылда 200 мың қандасымыз құжаттарын реттеп үлгермепті. Шенеуніктер шетелден көшіп келген қазақтарға тағы үш ай қосып бермек. Сонымен қатар, енді отбасын құрмаған оралмандарға да мемлекеттен ақша беріледі. Бұған дейін жалғыз жүрген жандарға жәрдемақы төленбейтін.
Дереккөз: КТК телеарнасы