$ 448.15  483.46  4.86

Сейфуллиннің аты кім? Белгілі актер Сейфуллин көшесінде тұратын қыздардың білімін тексерді (ВИДЕО)

Танымал актер, «Бауыржан-шоу» театрының жұлдызы болған Алмат Сағатов Сейфуллин көшесінде тұратын бойжеткендердің білімін тексермек болып сұрақ қойған. Ал қыздар болса өздері күнделікті тұратын көше атының кімге тиесілі екенін білмей жігітті аң-таң қылды.

 «Кеше такси боп жұмыс істегем. Сейфуллин көшесінен төмен түсіп келе жатқанда 2 қыз тоқтатты. Әп-әдемі қыздар. «Сейфуллиннің аты кім?» деп сұрасам, «Жолбарыс» дейді. Ай, Құдай-ай», – деп күрсінді актер видеода.

Көпшілік Сағатовты «Сұрақ қоятын адамды таптыңыз ба дедім ғой» деп сөкті. Кейбірі қыздардың қоғам қайраткері, ақын әрі жазушы тұлғаны ең болмағанда мектеп қабырғасында оқымағандарына қайран қалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары