Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы кезекті жаңа бағдарламасының шығарылымына дайындалуда. Эфир алдында сұлу болуды көздейтін ол соңғы уақытта бар күші мен уақытын спортқа жұмсап жүргенін айтты. Тележүргізуші аз күнде қыпша бел келіншек болуды көздейді екен.
«Белі қылдай келіншектер қатарына жатпаймын. Құмсағат болу үшін әлі біраз тер төгу керек. Оның үстіне бел ауру мен бүйрек әлсіздігі бар», - деп жазды Ләйлә өзінің Instagram-парақшасында.
Ол алдымен өзінің ағзасын тазалатып, артынша диетаға отырғанын айтып отыр. Сондай-ақ, күнделікті жаттығудан да қол үзбейді екен.