$ 494.87  520.65  4.91

Айсәуле Бақытбек: «Жан Ахмадиев – еркек емес, есек!»

Жақында ғана Алматыдағы Сейфуллин көшесінде тұрған 3 қызды қамшылап, жөнге салмақ болған Жан Ахмадиевтің әрекеті қоғамда әлі талқыланып жатыр. Күйеуінің көзіне шөп салып, соның сазайын тартқан Баян Алагөзова да Ахмадиветің әрекетіне өре түрегеліп, қарсы пікір білдірген. Ал рэпер болса, «ақыл айтатындай сен кімсің, Баян» деп продюсердің аузын жапқан. Тіпті «қамшыны қазақ тәртіпке шақыру үшін қолданған» деп өз әрекетін ақтаған. Енді Алагөзованы қойып, қызы да бұл мәселеге араласа бастады.  

«Нағыз ер азамат алыстан көреді. Олар қашан да өз отбасы мүшелеріне қамқор болып, қыздарының бір тал шашын да түсіруге жол бермейді. Сондай-ақ басқа бойжеткендерді де сыйлайды.

Кейбір «ер азаматтар» онсыз да күйі болмай жүрген қыздарды осылай ренжітеді. Тәрбиелі, өз өзіне сенімді нағыз жігіт өзін сыйлап, өзгелерге де сыйлы болады. Олар бірдеңені дәлелдеу үшін бүйректен сирақ шығармайды», – деп сөзін аяқтаған Айсәуле Бақытбек жазбасының астына #еркекемесесек деген хэштег қалдырды.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары