Шымкентте балмұздақтан уланғандардың саны 39-ға кетті деп мәлімдейді ОҚО денсаулық сақтау басқармасы.
Алдын-ала анықталған дерек бойынша, науқастар қаладағы сауда нүктелердің бірінен балмұздақ сатып алып жеген. Олардың алғашқы легі Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасына 29-30 наурызы күндері аурухананың қабылдау бөліміне жеткізілген. Науқастар бірнеше рет тоқтамай құсу мен іш өтуге шағымданған. Бүгінгі уақытта олардың қатары 39-ға жетті. Түскендердің 21-і ересек адамдар,11 бала 14 жасқа дейін және 7 жасөспірім (15 жастан 18 жасқа дейін).
Көрсетілген науқастар арасында 3-уі аурухананың жансақтау бөлімшесіне жатқызылды (оның ішінде 1 ересек адам - біреуі жүкті әйел), 2 жасөспірім бала). Бүгінгі күнге барлық науқастардың жағдайы тұрақты, оларға тиісті ем-дом көрсетілуде. Ауруханада төсек орындары жеткілікті.