$ 494.87  520.65  4.91

«Селтанов қысым көрсетіп жатыр»: 7 жасар балаға көмектескен белсенділер мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

ОҚО Сарыағаш ауданы Абай ауылындағы 7 жасар баланың оқиғасы немен аяқталатынын бүкіл қазақстандықтар күтіп отыр. Былтырдан бері өзін жоғары сыныптың оқушылары зорлап келгенін айтқан бала қазір Алматыда экспертизадан өтуге дайындалуда. Ал, осы мәселе қоғамда көтерілгенде "зорландым" деген сәбидің жанынан табылып, оған және әжесі мен анасына заңгерлік көмек көрсеткен сарыағаштық қоғам белсенділері қазір қысым көріп жатқандарын айтып, видеоүндеу жолдады.

Құрманғазы Мүсір мен заңгер Дінмұхаммед Артықовтың айтуынша, аудан депутаты Сапарәлі Селтановтың ұлы - ОҚО ІІД-де басқарма басшысы екеуіне ауыл ақсақалы арқылы сәлемдеме жолдап жіберген көрінеді.

«Кеше маған ауыл ақсақалы, біздің алыс туысымыз Нұрман Мережепов телефон соғып, Құрманғазы екеумізді кездесуге шақырды. Кездесу кезінде ол бізден аталған істі жауып тастауымызды өтінді. Не үшін олай айтып жатқанын сұрағанымда, "Менің өміріме қауіп төніп тұр" деп жауап берді. Қандай қауіп десем, "ОҚО Криминалды полиция басқармасының басшысы екі ініңді тоқтатпасаң сені түрмеге отырғызамын деп қорқытты" дейді. Сонда криминалды полиция басшысы бізді тоқтатсын деп ақсақалға қысым көрсетіп жатыр», - дейді Дінмұхаммед Артықов.

Дәл осындай жағдайдың болғанын Құрманғазы Мүсір де растап, құзырлы органдардан Селтановтың ұлына қатысты заңды шара қолдануды талап етті. Ол өзінің және туыстарының өмірі үшін қауіптенетінін айтып, Бас прокуратурадан өздерін қорғауға алуын да сұрады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары