$ 494.87  520.65  4.91

Шымкенттің такси жүргізушілері Кемерово тұрғындарына қолдау көрсетті

Шымкенттік такси қызметінің шопырлары Кемероводағы өрттен қаза тапқандардың рухына бағыштап 64 ағаш отырғызды.

Такси жүргізушілері еске алу шарасын қала мектептерінің бірінде өткізген. Ер-азаматтар оқушылар ағаштарды күтіп-баптап, еске алу бағына айналдырады деп сенеді.

"Бұл біздің ортақ қайғымыз, мәңгі жадымызда сақтап, өміріміздің әр сәтін бағалауымыз керек. Кемероводағы балар мен ересектер бейбіт заманда ажал құшты. Ешкімді кінәлағымыз келмейді, оны біз шешпейміз. Тек барлық баланы еске алғымыз келеді, бұл біздің ортақ балаларымыз. Ал мына ағаштар өмірдің әрі қарай жалғасатынын білдіреді. Осы ағаштар өсіп-өніп, жантүршігерлік оқиғаның құрбандарына арналған ескерткіш болсын", — дейді қызметкерлер "Отырар" басылымына берген сұхбатында.

Дереккөз: Sputniknews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары