Кемереводағы Төтенше жағдай кезінде сауда орталығының күзетшісі дабыл қағатын жүйені қоспағаны белгілі болды. Жүйе автоматтықтан жекелей басқаруға ауыстырылғандықтан, жедел қызмет мекемесіне хабарлама уақытысында жетпеген. Бұл туралы Ресейдің Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің өкілі Ринат Еникеев мәлімдеді.
Сауда орталығындағы өрт кезінде оны алғашқылардың бірі болып күзетші хабарлауға тиісті болған. Төтенше жағдайлар қызметіне хабар беріп, экскалаторлар қозғалысын төменге ауыстыруға міндетті еді.
Алайда, сасқалақтап қалған орталық күзетшісі өз қызметін орындамағаны анықталды.
Оның үстіне, көпшілікті эвакуациялауға ат салысуы керек болған оның әріптестері де, өз міндеттерін атқармаса керек.
Дабыл қағатын жүйе автоматты түрде жұмыс атқарған жағдайда, лифттер жабылып экскалатор қозғалысы өздігінен ауысады. Бұл өз кезегінде, адамдардың эвакуциясын жеңілдете түсетін еді.
Енді Росгвардия төтенше жағдайларға дайын емес күзетшілердің жұмыс істеуіне рұқсат берген мемлекеттік бақылау орталығын жазалауды талап етіп отыр.
Дереккөз: NUR.KZ