$ 444.32  473.33  4.76

Босанғаннан кейінгі қарнын көрсеткен көпбалалы ананы жұрт сынап тастады

Малайзияда тұратын көпбалалы келіншек босанғаннан кейін дене пішінінің қандай өзгеріске ұшырағанын көрсетіп, сынға ұшырады. Небәрі 23 жасында төрт баланың анасы атанған Доринді көпшілік қолдаудың орнына, жағымсыз пікірлерін жаудыра жөнелген.

Жас ана сымбатты дене мүсінін қайтара алмайтынын білген соң, осындай қадамға барғанын айтады. Босанғаннан кейін созылып кеткен денесін суретке түсіріп, желіге жүктеген ол аз уақытта танымал боп шыға келген. Алайда жақсы жағынан емес.

«21 жасымда осындай ішке өмір бойы көндігу керектігімді ойладым. Перзентханадан шыға салысымен бірінші кезекте айнаға қарап, айқай салдым», – дейді ол.

Дорин хирургтың көмектесе алмайтынын білген соң, суретте өз күйеуін белгілеп: «Менің ішімді кері қайтар», – деп жазба қалдырған.

Араға екі жыл салып, төртінші сәбиін өмірге әкелген келіншек ақырында денесін сол қалпында қабылдағанын айтады.

Жас келіншекке Малайзия, Сингапур және Тайвань елдерінің тұрғындары қолдау білдіріп, желі арқылы толассыз хаттар жазған. Алайда жағымсыз пікір білдірген желі оқырмандары да жетерлік.

«Көптеген адамдар менің ұсқынсыз екенімді айтты. Тіпті кейбіреулер «сені көргенде құсқым келеді» деп ашық жазды», – дейді жас ана.

Айтуынша, көптеген ер адамдар оған «көп бала туу – қателік» деп пікір қалдырған. Ондайларға келіншектің берер жауабы мынадай:

«Өтінемін сіздерден, бүкіл әлемдегі әйелдерді, аналарды құрметтеңіздер! Олар бала туып, сіздерден қалмай жұмыс істеп жүр».

Дереккөз: Stan.kz

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары