$ 498.34  519.72  4.85

Атыраулықтар қазылған арықтарға балалардың көп құлайтынын айтады

Атырау қаласындағы Балықшы шағынауданының тұрғындары үйдің жанынан қазылған арықтарға ойнап жүрген балалардың жиі құлайтынын айтып, әлеуметтік желі арқылы жергілікті билікке шағымданды.

«Бір ай бұрын үйдің қасынан қазу жұмыстарын жүргізе бастағанда ыстық су келетін болды деп қуанған едім. Бірақ қазір өкініп қалдым. Үй жанындағы бұл арықтарға балалар көп құлайды. Бұл жұмысты тоқтату да қолымыздан келмей отыр. Қазылған арықтар тура үйден шығар жолда. Арасы 3 метр. Сол орға ұлым екі рет құлап, қолынан жарақат алды. Бұл мәселені бір ретке келтірмесе болмайды. Балықшы шағынауданындағы қазба жұмыстарының бітуін күтіп отыра алмаймыз», - деп шағымданды жергілікті тұрғындардың бірі.

Жергілікті биліктің айтуынша, қазіргі уақытта Балықшы шағынауданында үйлерге ыстық су кіргізу үшін қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Қалалық құрылыс бөлімінің маманы Олжас Хасанов құбыр жүргізілген ордың жақын күндері жабылатынын айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары