$ 498.34  519.72  4.85

ШҚО-да әкім орынбасары мінген көлікті тасқын су ағызып әкетті

Шығыс Қазақстан облысында ағыны қатты тасқын су комиссия мүшелері отырған көлікті ағызып әкетті деп жазады Tengrinews.kz.

"Қызыл су автокөліктің салонына кіргенде біз жағдай жаман аяқталады деп күттік. Бірақ, дүрбелең тудырмай, сабыр сақтауға тырыстық. Қуанышымызға орай бәрі жақсы аяқталды. Бізді құтқаруға тұра ұмтылған жергілікті тұрғындарға алғысымыз шексіз", - дейді Зырьян ауданы әкімінің орынбасары Жанна Асқарова.

Құрамында аудан әкімінің орынбасары бар комиссия бұл күні суға кеткен Малеевск ауылын қарауға шыққан екен. Көлік ішінде онымен бірге ауыл әкімдігінің аға маманы және ауыл мектебі директорының орынбасары болыпты. Елдімекеннен 300-ге жуық адам қауіпсіз жерге көшірілген. Алайда, кейбір тұрғындар үйлерін тастап кетуден бас тартыпты.

"Бізге әкімдіктің көлігі келіп, ондағылар эвакуация үшін қандай көмек керектігін сұрады. Әңгімелесіп болған соң Нива көлігі келесі үйге кетті. Бұл кезде жолды ағыны қатты су шайып жатқан. Көлік болса судың ағынымен айналып ағып кетті", - дейді ауыл тұрғыны Евдокия Санарова.

Куәгерлердің айтуынша, көлікте болған адамдар өздігімен сыртқа шыға алмаған. Тұрғындар оларға есікті ашпау керектігін айғайлап айтыпты. Егре есікті ашқанда олардың бәрін көлікпен бірге су ағызып әкетер еді дейді олар. Артынша Талғат Серікпаев есімді ауыл тұрғыны көліктің алдыңғы терезесін шағып, ішіндегі адамдарды сырптқа алып шығыпты.

Қазіргі таңда Зырьян ауданында құтқару жұмыстары жалғасып жатыр. Ауданға қосымша құтқарушылар жіберілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары