$ 444.14  477.05  4.85

Әмиян ұрлап жатқан жігіт бейнебақылау камерасына түсіп қалды (ВИДЕО)

Сауда жасап тұрған әйелдің қалтасынан әмиянын ұрлаған жігіт дәріхананың бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видео instagram-парақшасындағы kris_p_almaty тобында жарияланды.

Бұл оқиға Қазақстандағы дәріханалардың бірінде болған. Баласымен алаңсыз кассада тұрған әйелдің арт жағынан келген жігіт дәрі қарағандай кейіп танытады. Дәріханада өздерінен басқа ешкім жоқтығын байқаған ол бір кезде кассаға жақындайды. Сол уақытта алдында тұрған әйелдің қалтасына көзі түсіп, бірден келіншектің әмиянын ұрлайды. Тірлігін бітірген соң үн-түнсіз дәріханадан шығып кетеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары