$ 448.56  478.03  4.79

Газды аш та, от жақпа! Балалардың телефонында суицидке итермелейтін хабарламалар тарап кетті

Балалардың телефонында суицидке итермелейтін хабарламалар жүр. Бұл туралы ата-аналардың өзі Whatsapp желісі арқылы дабыл қағып жатыр.

«Сен періштеге айналғың келе ме? Түнде бәрі ұйықтап жатқанда жан-жағыңа 3 рет қара да, айналаңда ешкім жоқ екеніне көз жеткіз. Сосын «Періште патшасы, маған күш бер» деп ішіңнен айтып, асханаға бар. Ондағы газдың бәрін аш, бірақ отты жақпа. Өйткені, сен күйіп қалғың келмейді ғой. Сосын орныңа барып ұйықта. Таңертең періште болып оянасың», – деп жазылған хабарламада.



Ата-аналар сұмдық жағдайдың алдын алу үшін бұл жазбаны бір-біріне жолдап, әуре-сарсаңға түсіп жатыр. Тұрғындарға балаларының телефондарын тексеруге кеңес те берген.

Есте болса, былтыр мектеп оқушылары арасында "Синий кит" деген қауіпті ойын етек жайып, оның арты өліммен аяқталған кездер де болған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары