$ 498.34  519.72  4.85

Мені кім алады? Өз үйінде босанып алған 24 жастағы бойжеткен өз мұңымен бөлісті

Өзінен біршама жас үлкен әрі отбасылы еркектен бала тауып алған бойжеткен өз мұңымен бөлісті. 24 жастағы қыз «енді бір баламмен мені кім алады?» деп сан соғып отыр.

«Менің жасым – 24-те. Өзім жайында айтқым келеді. 18 жасмда күйеуге шығып, 5 айдан сейін ажырасып кеттім. Ақымақ болдым. Ойымда ештеңе болған жоқ. Кейін қыдырып, білгенімді істедім. Клубта іштім, шектім. 22 жасымда өзімнен 20 жас үлкен еркекпен жүрдім. Аяғым ауыр екенін біліп, айтпадым. Өйткені, ол үйленген, балалары бар.

Негізі мен үйдің жалғыз қызымын. Анам «немерем болса екен» деп құлақ етімді жейтін. Ойлана келе, жігітіме айтпай, туғым келді. Анама аяғым ауыр, бір жас жігіттен, бірақ оған тұрмысқа шыққым келмейді дедім. Қабылдаы. Қыз туып бердім. Қазір 1 жастан асты. Сол уақыттан бері өзімді бақытсыз сезінемін. Айтарым сол. Осыдан кейін мені кім алады?», – деп жан сырымен бөлісті бойжеткен Instagram-парақшасындағы топтардың бірінде. 

Желі қолданушыларының дені қызды айыптап, қателігін бетіне басты. Ал, кейбірі өзін түсінетін жақсы адамның алда кездесетінін айтып, бойжеткенге барынша демеу білдірді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары