Қыз бала «бақытты боламын» деп емес, «барған жерімді бақытты қыламын» деп тұрмысқа шығуы керек» деп үлкендер айтып отырушы еді той төрінде. Күйеуінен бір саты төмен тұрып, бала тәрбиелеп, үй болудың қамын қылудың орнына кейбір қыз-келіншектер бір сәттік ләззат үшін отбасының шырқын бұзып, қызық қуып кетіп жатыр. Ашылып айтар адамы жоқтар, жұбайлар арасындағы құпияларды әлеуметтік желіге жазып, жұрттан ақыл сұрауға әуес боп кеткен. Солардың бірін назарларыңызға ұсынамыз.
«Күйеуіме көңілім толмайды. Ол менің алдымдағы еркектің бейнесін жоғалтқан сияқты. Үш ұлымыз бар. Жұмысы бар. Бірақ үйге келгенде үй шаруасымен айналысуды білмейді. Қолынан ештеңе келмейді. Төсекте де әлсіз. Өз ләззатын алады. Ал, мен орта жолда қалып қоямын. Бір жыл болды. Не ләззат жоқ. Не рахат жоқ. Мақтап істетейін десем, ырбиып кетеді. Ұрысып айтсам, қол көтереді.
Айтайын дегенім – бір жігітпен таныстым. Үйленген. Екі рет сүйістік. Одан арыға барған емеспіз. Сол еркектің құшағында бақыттымын. Не істесем болады? Үйде еркек тірлігін жасап жүре берейін бе төсек ләззатын ұмытып? Айтыңыздаршы, білдіртпей анда-санда кезедессем қалай болады?», – деп жазды келіншек Instagram-парақшасындағы топтардың бірінде.