13 жасында жездесінің істеген әрекетін түсінбей, әлі күнге аң-таң болып келе жатқан қыз бала жұрттан көмек сұрады. Айтуынша әпкесінің күйеуі оған көз салып, төсекке тартпақ болыпты.
«Сол бір Алматы кеші еді. Дала жаңбыр. Есіктен жездем кіріп келді. Мен қамсыз шай қоя бастадым. Ол душқа кіріп кетті. Мен алаңсыз киномды көріп отыра бердім. Бір кезде жездем душтан жартылай жалаңаш шықты. Ойымда түк жоқ. 13 жастағы қызда қандай ой болсын. Ол менің бетімнен, ернімнен сүйді. Мен итеріп жібердім. Әрине шамам жетпеген сон ол мені құшағына қатты қысып алды. Оған айғайладым, жыладым. Не істеп жатырсыз дегенде «ләззат алып жатырмын» деді. Оның мағынасын кейін түсіндім. Осылай жалғасып жатқанда телефон шырылдап ол үйден шығып кетті. Мен сол күннен бастап еркек атаулыға сенбеймін. Бұл қорқынышпен, сенімсіздіктен қалай құтылуға болады?», – деп көптен кеңес сұрады бойжеткен.