$ 441.58  480  4.86

Жыртқыш аю әкесін балаларының көзінше жұлым-жұлымын шығарып өлтіріп тастады (ВИДЕО)

Үндістанда алып жыртқыш Набакишор Наякты балаларының көзінше жұлым-жұлымын шығарып, өлтіріп тастады. Тіпті 54 жастағы ер адамды құтқарғысы келген екі ер адам да сол жерде мерт болды.

Кадрда ер адамның адуынды тістерден сытылып кетпек болғаны анық көрінеді. Қайғылы оқиғадан кергілікті тұрғындар жыртқышты ұстап, оны әбден қорлап өлтіреді.

Көз алдарында әкелерінің қайтыс болғанын көрген екі ұлы психикалық соққы алған. Әкелеріне көмекке келген кішкентайларды жыртқыш жанына жуытпай, жаралап үлгеріпті.

Қайғылы оқиға Үндістандағы Орисса штатында болған. Дәл сол күні Наяк қырсыққанда қолына суық қару да алып шықпапты.

Дереккөз: Life.ru

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары