Шымкентте көпқабатты үйлердің бірінен құлап кеткен әйел қаза тапты деп мәлімдейді TVK арнасы.
Ол тоғыз қабатты үйдің алтыншысынан құлап кеткен. Оқиға 12 шағын ауданында болған.
Алайда марқұмды тұрғындардың ешқайсысы тани алмаған. Сондықтан, әйел бұл үйлерде тұрмайды деген ақпарат бар.
Мәліметтерге сүйенсек, қайтыс болған әйел 55 жаста болған.
Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.