$ 449.58  486.94  4.86

Ақтөбеде лифтіге кіріп үлгермеген әйелдің аяғы ішінде қалып, жұлынып кетті

Ақтөбеде лифтке кірмек болған әйел адам, аяғы жұлынып кетіп, алған жарақатынан қаза болды.

Оқиға 4 сәуірде 12-ықшамаудандағы №19 үйде болған. Әйелдің лифтке 3 жастағы баламен кіргені айтылады. Дәрігерлердің айтуынша, ол лифт кабинасына толықтай кіріп үлгермеген.

Әйел кірер кезде лифт есігі жабылып, бірден жүріп кеткен. "Әйел лифтке үш жасар баламен кірген. Аяғы лифтінің арғы жағында қалып қалған. Есік жабылып кетіп, лифт бірден жүріп кеткен. Аяғы кесіп алынды. Бірақ әйелдің өмірін дәрігерлер аман алып қала алмады", - деді жедел медициналық көмек станциясы бас дәрігерінің орынбасары Дастан Неталиева.

Дәрігердің айтуынша, баланың жағдайы жақсы, аман-есен.

"Баланың жағдайы дұрыс. Құтқарушылар келіп, оны алып шықты", - деді Дастан Неталиева.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары